427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылғы жазғы Универсиаданың өтетін уақыты өзгерді

  • 805
  • UPD: 13:12, 31.03.2020
2021 жылғы жазғы Универсиаданың өтетін уақыты өзгерді prosports.kz

Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) 2021 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындардың уақытын бастапқы жоспардағыдан екі күнге кейінге шегерді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Универсиада-2021 ұйымдастыру комитетінің өтініші бойынша студенттер ойындары 2021 жылы 18-29 тамыз аралығында өтетін болды. Бастапқыда жарыс 16-27 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған болатын.

ХХХІ Дүниежүзілік студенттік ойындарға 150-ден астам елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада-2021 кезінде спорттың 18 түрінен 269 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Хабар 24 телеарнасы