421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы онлайн жаттығу жиынын өткізді

  • 319
  • UPD: 11:14, 07.04.2020
Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы онлайн жаттығу жиынын өткізді

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы карантин кезінде үйден жаттығу жасап жатыр. Спортшылар жаттығу жиынын онлайн түрде өткізді.

Бас бапкер Дмитрий Бабенконың пікірінше, мұндай жиын күн сайын ұйымдастырылады. Сондай-ақ бапкер мамыр айында интенсивті жұмыс басталатынын айтты. 

«Біздің спорт түрінде келесі маусымға дайындалатын уақыт келді. Қуанышқа орай, біз індетке байланысты маусымды орта жолдан тастаған жоқпыз. Барлық жарысты аяқтап, демалып, қалыпқа келіп жатырмыз. Еліміздегі карантин режиміне байланысты үйде отырмыз. Бірақ бұл жағдайдан да шығудың жолын таптық. Яғни онлайн жаттығу өткіземіз.

Қазір мұндай жаттығу күніне екі рет өтеді.  Біз дайындық барысында велосипедті көп қолданамыз. Сол себепті үйде аталған құрылғыны пайдаланатын мүмкіндік бар. Бұл жаттығуды күндіз өткізсек, түскен кейін конькимен жүгіруге арналған жаттығулар, йога, теріні созу секілді жаттығу элементтеріне көшеміз. Әзірге спортшылар форма жоғалтпау үшін осы шешімге келдік. Ал интенсивті жаттығулар мамыр айында басталады. Команда құрамы анық, спортшылар жаңа маусымға дайындалады», - дейді ол.

Хабар 24 телеарнасы