399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзалдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасатыны анықталды

  • 137
  • UPD: 17:21, 22.04.2020
Футзалдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасатыны анықталды Prosports.kz

Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев 2019/20 маусымындағы ел чемпионаты қашан жанданатыны туралы айтты.

Әбілдаев біріншілікті алдын ала аяқтау жоспарда жоқ екенін, себебі Чемпиондар лигасына кім баратынын анықтау міндеті тұрғанын алға тартты. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

«Қазақстан ішіндегі чемпионат қана тоқтатылған жоқ, бүкіл әлемде солай. Беларусь қана ойнап жатыр. Ал Қазақстан чемпионаты қанша уақытқа тоқтатылғаны белгісіз. Бізде маусымды жалғастырудың үш жолы болған, бірақ карантин ұзартылды. Сондықтан тамызға болжап отырмыз. Ол уақытқа дейін бәрі реттелер. Бұл чемпионатты міндетті түрде аяқтаймыз, спортық қағида болуы керек, Чемпиондар лигасына кім баратынын анықтауымыз қажет. Алдын ала аяқтау мәселесі қарастырылмайды да», – деп жауап берді Әбілдаев Instagram желісіндегі тікелей эфирде.

Хабар 24 телеарнасы