423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан әлем чемпионатының өтетін орны белгілі болды

  • 386
  • UPD: 15:08, 29.04.2020
Бокстан әлем чемпионатының өтетін орны белгілі болды

Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы Белградта өтеді.

Бұл туралы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) ресми сайты хабарлады.

Әлем чемпионаты 2021 жылы Нью-Делиде өтуі керек еді. Бірақ қала AIBA алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамады, ал турнирді Сербия қабылдады. Енді Үндістан астанасы айыппұл ретінде 500 мың доллар төлеуге міндетті.

Белград өз тарихында екінші рет әлем чемпионатын өткізбек. Бұған дейінгі турнир 1978 жылы өткен.

Хабар 24 телеарнасы