412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үздік 10 боксшы: көш басында Садриддин Ахмедов тұр

  • 240
  • UPD: 13:54, 05.05.2020
Үздік 10 боксшы: көш басында Садриддин Ахмедов тұр Sports.kz

Le Journal de Montreal порталының журналисі Режан Трембле Квебектің он үздік боксшысын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Трембле тізген рейтингте бірінші орта салмақта WBC Asia және WBC Youth World титулдарының иегері Садриддин Ахмедов көш бастады.

Сарапшы қазақстандық боксшыны бұл тізімнің басына қою ешқандай дау тудырмайтын шешім деп есептейді.

– Өте жылдам, соққысы мығым, техникасы тамаша, әуесқой бокста да үлкен жетістікке жеткен Ахмедовтің болашағы зор боксшы екені сөзсіз, – дейді ол.

Квебектің ТОП-10 боксшысы:

1. Садриддин Ахмедов (Қазақстан)
2. Эрик Базинян (Канада)
3. Кристиан Мбилли (Франция)
4. Арсланбек Махмудов (Ресей)
5. Оскар Ривас (Колумбия)
6. Стивен Батлер (Канада)
7. Артем Оганесян (Ресей)
8. Микаэль Зевски (Канада)
9. Лексон Матье (Канада)
10. Мари-Ив Дикер (Канада).

Хабар 24 телеарнасы