419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лия Қошқарбаева каратеден онлайн турнир жеңімпазы атанды

  • 562
Лия Қошқарбаева каратеден онлайн турнир жеңімпазы атанды olympic.kz

Каратеден Kazakhstan Open онлайн жарысының кезекті кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ашық чемпионатқа барлығы 14 елдің спортшылары қатысты. Жарысқа Жапониядан көп спортшы қатысуға өтініш жіберген және олардың біразі финалға дейін жетті. Сонымен, 14-15 жастағы ұлдар арасында Сузуки Харуто франциялық Габриэль Кулучиді жеңді. Ал қыздар арасында Юрий Таканозава индонезиялық Агния Замзамиеннен ұтылып қалды.

Ал ерлер арасындағы бәсекенің финалында екі қазақстандық спортшы кездесті. Нәтижесінде, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Рауан Амантайұлы әлем кубогының иегері Ғабиден Урынбаевты ұтты. Әйелдер санатында халықаралық онлайн турнирінің чемпионы ұлттық құрама мүшесі Лия Қошқарбаева болды. Финалда оған канадалық спортшы Луго Сосана қарсылас атанды.

Лия осымен биыл екінші рет халықаралық жарыс жеңімпазы атанып отыр.

Хабар 24 телеарнасы