418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалды

  • 189
  • UPD: 11:32, 07.07.2020
Футболшыға найзағай тиген сәт видеоға түсіп қалды © twitter/ZnamyaTrudaFC

Мәскеулік «Знамя Труда» футбол клубының жаттығуы кезінде 16 жастағы қақпашы Иван Заборовскийге найзағай тиген.

Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz клубтың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Футболшы қатты күйік алған, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жаттығу кезінде аспан ашық болғаны айтылады. Иван командадан бөлек жаттыққан, сондықтан оған найзағай тиген сәтте ешкім бірден байқамаған.

Қақпашыға бірінші болып оның жаттықтырушысы Антон Басов көмекке келген: ол Заборовскийдің жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс берген, жедел жәрдем келгенше реанимациялық әрекеттер жасаған.

Хабар 24 телеарнасы