428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ «Реал» ойыншысын сатып алады

  • 259
  • UPD: 11:21, 05.08.2020
ПСЖ «Реал» ойыншысын сатып алады

«Реал Мадрид» пен Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Пари Сен-Жермен» сапында жалғастыруы мүмкін, деп жазды Prosports.kz.

Ойыншының агенті Жорже Мендеш оны франциялық клубқа ұсынды.

29 жастағы жартылай қорғаушыға англиялық «Манчестер Юнайтед» клубы да қызығушылық танытып отыр. Бірақ олар Хамес үшін 25 миллион еуро ұсынды, ал «Реал» оны кем дегенде 35 миллионға сатқысы келеді.

Ал ПСЖ мадритік клубтың сұраған ақшасын төлеуге дайын. 

Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 7 матчқа ғана қатысты.

Хабар 24 телеарнасы