426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Номад» ХК маусым алдындағы дайындықты бастады

  • 200
«Номад» ХК маусым алдындағы дайындықты бастады olympic.kz

«Номад» хоккейшілері жаңа маусымға дайындықты бастады, деп жазады Olympic.kz.

Медициналық қараудан өткен соң хоккейшілерді дәстүрлі бип-сынақ тапсырған. Хоккейшілердің оқу-жаттығу жиыны ел чемпионаты басталғанша Нұр-Сұлтанда өтеді. Қазақстан чемпионаты 19 қыркүйекте басталады деген болжам бар.

Айта кетелік, қазақстандық үш команда биыл Жоғары хоккей лигасына қатыспайды. Олардың қатарында елордалық «Номад» клубы да бар. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус індетінің кеңінен таралуы себеп болған. 

Хабар 24 телеарнасы