420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рой Джонс пен Майк Тайсон арасындағы кездесу өтпей қалуы мүмкін

  • 187
  • UPD: 17:41, 19.08.2020
Рой Джонс пен Майк Тайсон арасындағы кездесу өтпей қалуы мүмкін insider.com

Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы 51 жастағы Рой Джонс әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы 54 жастағы Майк Тайсонға қарсы кездесу өтпеу қалуы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы Eurosport-қа сілтеме жасай отырып vesti.kz хабарлады.

Кездесудің өтпей қалуының басты себебі – ақша. Джонс бұл кездесуді кейінге шегергеніне қомақты қаржы беруін талап етті.

«Мен шаршы алаңға шығу үшін басқа шаруларымды ысырып қоюға мәжбүр болдым. Бұл менің жоспарымды өзгертті. Ең басты проблема осы. Мен қазір тұрақты жұдырықтасып жүретін боксшы емеспін, сондықтан басқа шарулармен де айналысамын. Әрине, ақша табу үшін. Қазір басқа шаруаларым тоқтап қалды. Сол үшін де маған өтемақы беру керек. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Менің заңгерлерім жағдайды дұрыс шешу үшін Тайсонның заңгерлерімен сөйлесіп жатыр.

Егер келісімге келе алмаса, жекпе-жек өтпейді. Мен не үшін жекпе-жекті кейінге шегеру керекпін. Біз 12 қыркүйекке келіскен едік. Ол кезде ешкім жанкүйер туралы әңгіме айтпады. Әрине, жанкүйер болса, ақша да көп түсетіні анық. Барлықтарыңыз бұл кездесуде мені мені ақшаның астында қалады деп ойлап отырсыздар ғой. Шынына келсек, маған бұл жекпе-жектен көп пайда түспейді», – деп келтіреді Джонстың сөзін Daily Mail.

Айта кетейік, Тайсон мен Джонс арасындағы кездесу әу баста 12 қыркүйек күні өтуі керек еді. Бірақ айқас 28 қарашаға ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы