426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бавария» чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

  • 136
  • UPD: 09:33, 24.08.2020
«Бавария» чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Чемпиондар лигасының кубогы «Баварияға» бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатарынан он ойында жеңіске жеткен Ханс-Дитер Флик шәкірттері он бірінші кездесуді де өз пайдасына шешті. Мюнхен командасы финалда «Пари Сан-Жерменді» ұтты. Есеп – 1:0. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды ойынның 59 минутында Кингсли Коман соқты. Кингсли кезінде ПСЖ мектебін бітірген еді. Демек, бір кезде өзі тәрбиеленген команданы кубоктан қақты. Француз командасының бас бапкері Тухель де өз футболшыларын жақсы дайындаған екен. Мбаппе-Неймар-Ди Мария үштігі барынша жақсы өнер көрсетті. Алайда, Мануэль Нойердің әбжіл қимылы үш мықтыны да әбігерге салды. Қанша соққы бағытталса да, Нойер өз қақпасына дарытқан жоқ. Айтпақшы, Коман голы «Баварияның» чемпиондар лигасындағы бес жүзінші добы екен. Ал, Роберт Левандовский биылғы чемпиондар лигасының бас мергені атанды. Оның еншісінде 15 гол бар.

Ханс-Дитер Флик, «Баварияның» бас бапкері:

- Біз өте жақсы ойнадық. Әсіресе, қорғаныста. Төреші ысқырығына дейін қарсыластарымызды тырп еткізбедік. Мықты шабуылшыларды ұстап тұру да оңай емес. 92 минутта Левандовскийдің жан-дәрмен алға ұмтылғанын көрдіңіздер ғой. Демек, ерік-жігеріміз де жетерлік еді. Ал, Команның голына келсек, ол өте талантты жігіт. Бұрын Роббен мен Риберидің көлеңкесінде қалып келді. Енді жасындай жарқы

Хабар 24 телеарнасы