421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегінің өтетін уақытын жариялады

  • 152
  • UPD: 16:50, 31.08.2020
Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегінің өтетін уақытын жариялады

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (11-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«24 қазан күні Қазан қаласында Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын турнирде менің кезекті жекпе-жегім өтеді. Жақында қарсыластың есімі де белгілі болады», - деп жазды спортшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетелік, 22 тамызда Қазан қаласында Шарипова қарсыласы Танзаниядан Хэппи Даудимен (8-7-1, 4 КО) жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бәске IBA нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионының белбеуі тігілді. Бұл қазақстандықтың 2019 жылдың сәуірінен есептегендегі бірінші жекпе-жегі еді.

Хабар 24 телеарнасы