426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өткізілмейтін болды

  • 115
  • UPD: 23:01, 02.09.2020
Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы өткізілмейтін болды

Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалы коронавирус індетіне байланысты өткізілмейді, деп жазады Olympic.kz.

Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған. ISU Challenger санатындағы жарыс 2020 жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Алматы қаласында өту тиіс болатын.

Айта кетелік, Денис Тен мемориалы алғаш рет 2019 жылы өткізілді. Халықаралық турнирде ресейліктер Дарья Усачева мен Даниил Самсонов топ жарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы