432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қатарынан төрт рет жеңіліске ұшыраған ресейлік файтер UFC-ден қуылды

  • 215
  • UPD: 14:55, 03.10.2020
Қатарынан төрт рет жеңіліске ұшыраған ресейлік файтер UFC-ден қуылды prosports.kz

Ресейлік файтер Хадис Ибрагимов UFC құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz MMA Fighting-ке сілтеме жасап.

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы М-1 чемпионы әлемнің ең үздік лигасында төрт рет (екеуі мерзімінен бұрын) жеңіліске ұшырады. Ибрагимов UFC-ге 8-0 көрсеткішімен келген еді.

UFC 25 жастағы Ибрагимовпен бірге италиялық Мара Ромеро Борелланы, бразилиялық Юрий Алькантараны және америкалық Джефф Хьюзді қатардан шығарды.

Хабар 24 телеарнасы