432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

IJF дзюдодан Grand Slam турнирін өткізу туралы шешім қабылдады

  • 173
  • UPD: 14:08, 07.10.2020
IJF дзюдодан Grand Slam турнирін өткізу туралы шешім қабылдады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) «Grand Slam» турнирінің ресми түрде басталатынын мәлімдеді. Пандемия басталғалы бері алғаш рет өткізілетін жарыс 23-25 қазанға жоспарланған деп жазады Olympic.kz.

Турнир Венгрия астанасы Будапештте өтеді. Жарыс барысында коронавирустың алдын алуға арналған медициналық хаттамаға баса назар аударылады. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнир кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

«Бұл әлемдік дзюдо мен спорттағы тарихи сәттердің бірі. Біз IJF ережелеріне сәйкес «Үлкен дулыға» турнирі өтетін кезді асыға күтудеміз. Турнир денсаулық пен қауіпсіздікті сақтауға арналған ғаламдық іс-шаралар аясында өтеді. Осындай қиын кезеңде ауызбіршілік көрсеткен баршаңызға рахмет айтқым келеді. Біз COVID-19 жағдайына бейімделіп, сүйікті спортымыздың қайта оралуына атсалысудамыз. Спортшылар жарыс алаңына қайта оралу үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - дейді IJF президенті Мариус Визер.

Хабар 24 телеарнасы