432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

  • 248
  • UPD: 14:49, 17.10.2020
Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді фото: Getty Images

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!», - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.

Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.

Еске салайық, Әлімханұлы кейінгі рет 10 қазан Лас-Вегаста жұдырықтасып, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта-ақ нокаутқа түсірген.

Хабар 24 телеарнасы