427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нысана көздеуден халықаралық онлайн жарыс жеңімпаздары анықталды

  • 214
  • UPD: 16:04, 21.10.2020
Нысана көздеуден халықаралық онлайн жарыс жеңімпаздары анықталды фото: olympic.kz

Шымкентте нысана көздеуден КСРО Спорт шебері В.Почиваловты еске алуға арналған халықаралық онлайн турнир өтіп жатыр.

Olympic.kz назарларыңызға алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынады.

Халықаралық онлайн додада 10 метр қашықтықтан нысана көздеуден әйелдер арасында қазақстандық Диана Харченко жүлдегерлер қатарынан көрініп, екінші орынға ие болды. Әйелдер арасында Беларусь спортшысы Надзея Леанвец үздік атанды. Ал ресейлік Дариа Корженко үшінші орынға иелік етті.

Ал ерлер арасында отандық спортшы Андрей Худяков үздік танылса, Ресей спортшысы Матвей Касаткин екінші, Владимир Фомин үшінші орындардан көрінді.

Хабар 24 телеарнасы