420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Менің UFC-ге табыс әкелгенімді қалайды – Хабиб Нурмагомедов

  • 181
Менің UFC-ге табыс әкелгенімді қалайды – Хабиб Нурмагомедов prosports.kz

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов мансабын аяқтаған соң алғашқы сұхбатын берді, деп хабарлайды prosports.kz.

«Дэйна Уайт менің жұдырықтасқанымды, табыс әкелгенімді қалайды. Бірақ мен соңғы шешімімді қабылдадым. Қазір мансабымды аяқтауға дәл уақыт деп санаймын. Нағыз бабына шыққан уақытында спортшылардың көбі мансабын аяқтамайды. Спорттың бұл түрінде үздік атану үшін жеткілікті жұмыс істедім. Бүгін мені салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингіде бірінші орынға қойды. Енді демалып, ойымды жинақтайтын уақыт келді», - деді Хабиб Нурмагомедов «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы