423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АТР 250 Astana Open турнирінің биылғы жеңімпазы анықталды

  • 94
  • UPD: 21:08, 01.11.2020
АТР 250 Astana Open турнирінің биылғы жеңімпазы анықталды Sport.Ru

Нұр-Сұлтанда теннистен АТР 250 Astana Open турнирі мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталды деп жазады Olympic.kz.

Турнирдің ақтық сынында франциялық Адриан Маннарино мен австралиялық Джон Миллман кездескен болатын. Екі сетке созылған кездесуде Миллман 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, АТР рейтингінде 45 орында тұрған Джон Миллман Нұр-Сұлтандағы турнирдің жеңімпазы атанды.  Айта кетелік, Қазақстан атынан сынға түскен Александр Бублик пен Тимофей Скатов бірінші айналымда ұтылса, Михаил Кукушкин жарыстың ширек финалында финляндиялық қарсыласына есе жіберді.  Елордадағы турнирге жалпы есебі 28 теннисші қатысқан.

Хабар 24 телеарнасы