422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания Вуэльтасы үзілістен кейін қайта жанданды

  • 100
  • UPD: 10:55, 04.11.2020
Испания Вуэльтасы үзілістен кейін қайта жанданды

Бір күн демалыстан кейін веложарыс қайта жанданды. «Вуэльта Испания» бәсекесінің 13-кезеңі жекелей сындардан тұрды. Яғни спортшылар Мурос және Мирадор де Эсаро арасындағы 32 шақырымды бағындыру керек.

Жарыс қорытындысы бойынша словениялық Примож Рогличке тең келер ешкім болмады. Ол аталған аралықты 46 минут 39 секундта бағындырды және соның арқасында жалпы есепте топ басына шықты. Ал «Астана» шабандоздары арасынан ең тәуір көрсеткіш Александр Власовта. Ол кезең қорытындысы бойынша 24-сатыға орналасты. Бұл нәтиже жалпы есептегі 9-орынды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Алда жарыстың әлі 5 кезеңі бар. «Вуэльта» бәсекесінің жеңімпазы 9 қазанда белгілі болады. 

Алматыда аралас жекпе-жек академиясы ашылады. Бір кездері айтулы айқастарға қатысып, ел абыройын асқақтатқан Ардақ Назаров енді шәкірт тәрбиесіне білек сыбана кірісті. Қазір ол аралас жекпе-жек бойынша спорттық клубты басқарады. Осы жерден 15 әлем чемпионын шығарып та үлгірді. Ал енді арнайы академия ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта өткен жылы қалалық әкімдікпен бірлесіп, спорттық кешеннің құрылысын бастаған. Тіпті биыл қолданысқа берілуі де керек еді. Бірақ қалыптасқан жағдайға байланысты уақыты ұзарды. Қалай болғанда да алдағы 2-3 ай көлемінде ашылып, қабілетті жігіттерді бір жерге жинамақ. Қазір қазақстандық шеберлердің алды ЮФС жекпе-жектеріне шыға бастады. Ал Ардақ Назаров сол бәсекенің чемпионын шығаруды армандайтынын айтып қалды.

Хабар 24 телеарнасы