422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық ауыр атлет әлем кубогінде алтын иеленді

  • 99
  • UPD: 09:37, 19.11.2020
Қазақстандық ауыр атлет әлем кубогінде алтын иеленді

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен онлайн әлем кубогі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы үздік деп танылды.

Айсамал Сансызбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 244 келіні бағындырып, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды салды. Жастар арасында алғашқы жарысына қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орыннан көрінді. Ол ұлдар арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді. 

Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қолжеткізген болатын.  

Хабар 24 телеарнасы