425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабиб Нурмагомедов мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты

  • 99
Хабиб Нурмагомедов мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты Prosports.kz

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та өткізген жанкүйерлерімен кездесуде мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты, деп жазады Prosports.kz.

«UFC менің жұдырықтасқанымды қалайды. Өйткені көп табыс, көп қаралым әкеледі. Қызығушылық бар жерде, ақша да болады. Мұндай әңгіме әлі талай айтылады. Әр жекпе-жегімнен соң бірден қашан келесі айқасым болатынын сұрайтын. Бәрі тойдың жалғасы болғанын қалайды. Бірақ менің жұдырықтасатын жоспарым жоқ. Бір жекпе-жекке шығармын, сосын артынан бірден жеңіс сериясы бар қарсыласы шыға келеді. Олар жұлдыз жасауды біледі. Шегі жоқ. 45 жасқа дейін де жұдырықтасуға болады, бірақ әркімнің алдына қойған мақсаты бар. Мен мақсатыма жеттім. Енді спорт тұрғысынан алып қарағанда ешқандай қызығушылық қалмады. Кіммен жұдырықтасамын? Нағыз танымал кезімде қомақты табыс түсіруге болар еді. Бірақ мен ақшаны басқа жақтан да таба аламын», - деді спортшы.

Хабар 24 телеарнасы