419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марадонаның дәрігері күдікке ілінді

  • 192
Марадонаның дәрігері күдікке ілінді

Диего Марадонаны емдеген дәрігердің үйі мен жұмыс орнында тінту жүрді.

Аргентина сотының шешімі бойынша, оның ұялы телефондары, компьютерлері, Марадонаның науқастану тарихы, сонымен бірге футболшының сырқатына қатысты барлық құжат тәркіленді. Дәрігердің салғырттығы атақты спортшының өліміне әкелді деген күдікке ілініп отыр. Бірақ ол айыбын жоққа шығаруда.

Леопольдо Луке, дәрігер:

– Мен ештеңені жасырмаймын. Қолымнан келгенін жасадым. Бәрі осылай аяқталғанына қатты өкінемін, өзегім өртенеді. Бірақ амал қанша?! Сіздер мынаны ескерсеңіздер деймін. Мен жалғыз емеспін, бүтін бір команда болып жұмыс істедік.

Естеріңізге сала кетейік, Марадона 25 қарашада 60 жастан асқан шағында жүрек талмасынан қайтыс болған еді.

Хабар 24 телеарнасы