425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды

  • 255
  • UPD: 19:54, 27.12.2020
Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды фото: prosports.kz

Arlan MMA Pro кәсіби қазақстандық командасы Instagram-дағы парақшасында Жасұлан Әкімжанның EFC-мен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

Оның жаңа келісімі 4 шайқасқа есептелген. Ол келесі жылдан бастап Eagle Fighting Champrionship жарыстарына қатыса бастайды. 

Еске салайық, промоушн Хабиб Нурмагомедовке тиесілі.

Жасұлан бұдан бұрын EFC-де өнер көрсеткен. Оның соңғы жекпе-жегі 5 желтоқсанда EFC 30-да өтті. Жеңіл салмақта (66 кг) Әкімжан ресейлік Тимур Акабамен (3-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Әкімжанның пайдасына аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы