421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық инсайдер Головкиннің ықтимал қарсыластарын атады

  • 224
  • UPD: 20:41, 27.12.2020
Америкалық инсайдер Головкиннің ықтимал қарсыластарын атады фото: Vesti.kz

Танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін айтты.

Бұл туралы Tengrinews.kz басылымы Vesti.kz-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, Головкин мексикалық Хайме Мунгия немесе жапониялық Риота Муратамен жұдырықтасады.

«Геннадий Головкин міндетті қарсыласы Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекте титулын қорғап, оны жетінші раундта оңай тоқтатқаннан кейін GGG-дің келешегі туралы айта аламыз. Көктемде ол жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, мексикалық Хайме Мунгиямен кездесуі мүмкін, ол DAZN-да болады.

Шындығында, бұл жекпе-жек екі жыл бұрын болуы мүмкін еді, бірақ Невададағы Атлетикалық комиссияның комиссары Боб Беннетт Мунгия әлі дайын емес деп мәлімдеген. Бірақ қазір Мунгия мен Golden Boy дайын екеніне сенімді.

Егер бұл жекпе-жек өтпесе, Токиода Геннадий Головкин мен Олимпиада чемпионы, Жапония жұлдызы Риота Мурата арасындағы жекпе-жекті көруіміз ықтимал», - деді Коппинджер Ring City USA-ға берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы