420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Перуашев: Орта бизнеске назар аудару керек

  • 74
  • UPD: 18:00, 01.09.2020

Шағын және микробизнеске қолдау қашан да көрсетіліп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мемлекет орта бизнестің дамуына ерекше назар аудару керек. Өйткені аталған кәсіп санатына нақты өндірушілер кіреді дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Сол себепті орта бизнесті акселлерациялау деген тапсырма бүгінгі күні пайда болып отыр. Бұл орта бизнесті жаңа дәуірге, жаңа дәрежеге шығару. Президенттің шағын және орта бизнестің өзіміздің ішкі нарығымызға қосатын үлесін 35 пайызға дейін көтеру – өте жауапты тапсырма. Себебі әлі күнге дейін оның көлемі 27, 28 пайыздай ғана.

Хабар 24 телеарнасы