384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың жолдауы – Қазақстанның кемеліне толғанының тағы бір белгісі

  • 303
  • UPD: 10:38, 01.02.2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында көрсетілген білім беру жүйесіндегі өзгерістер мемлекеттің өсіп-өркендеуіне соны серпін беруі тиіс.

Белгілі британиялық жазушы әрі журналист Ник Филдингтің пайымдауынша, адами капиталды жақсарту арқылы Қазақстан 30 дамыған елдің көшіне міндетті түрде қосылады.

Сыни ойлау мен ақпаратты өздігінше іздеу қабілетіне бағытталған оқу бағдарламаларына баса назар аударылған. «Мәселен британиялық білім де осыған негізделген», - дейді Филдинг.

Ник Филдинг, жазушы-журналист (Ұлыбритания):

- Президент Назарбаевтың жолдауы – Қазақстанның кемеліне толғанының тағы бір белгісі. Елдеріңіз экономикалық және саяси жағынан жедел дамып жатыр. Биылғы жолдауда білімге басты назар аударылғандығы қуантады. Президенттеріңіз көреген кісі. Ол адами капиталдың адамға деген инвестиция және болашаққа деген инвестиция екендігін түсінеді.

Хабар 24 телеарнасы