384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Владимир Решетов: Сандық Қазақстан – маңызды жоба

  • 544
  • UPD: 15:20, 19.02.2017

Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесі бойынша, Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі керек.

Бұл жаһандық перспективалық өте үлкен мақсат және осыған еліміз сенімді қадамдар басып келеді. Осы жолдағы маңызды фактордың бірі болашаққа заманауи көзқараспен қарап, ІТ-технологияларды дамыту, киберқылмысқа қарсы күресу, үш тілде білім беруге көшу болып табылады. Владимир Решетов біздің арнаға берген сұхбатында осындай пікір айтты.

Владимир Решетов, публицист:

- IT саласын дамыту басым бағыттың бірі деп ойлаймын. Менің білуімше, ЕХРО-2017 көрмесінде бұл тақырыпқа ерекше ден қойылмақ. Сандық Қазақстан – маңызды жоба. Яғни бұл дегеніміз тек басқару жүйесін ғана емес, сонымен қатар шаруашылық және экономика салаларын да сандық жүйеге көшіру.

Хабар 24 телеарнасы