378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Экологиялық мәдениет қалай қалыптасады?

  • 984
  • UPD: 11:40, 21.12.2018

Өсіп келе жатқан ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуіміз керек. Мысалы, «Ақтөбе» газетінде әріптесім Қәмшат Қопаева осы тақырыпқа мақала жазған екен. Өңірде «Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру-экологиялық қауіпсіздікке жол» деген тақырыппен конференция өткен. Мақала өзегі де осы шара болған. 

Негізінен антропогендік әсерден қоршаған ортаның ластануы, климаттың жылынуы, экология бұзылмауы үшін адамзаттың әрекеті, табиғатты сақтауда жастардың көзқарасы секілді мәселелер ортаға салынды. Жастар жылы 130-дан астам шара ұйымдастырылатын болса, соның ішінде мектеп оқушылары мен студенттер туған жерді таза ұстау мақсатындағы жұмыстарға белсене қатысады. 

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Даулы мәселе тату жолмен шешілуі тиіс. Республикалық «Айқын» газеті кәсіподақ ұйымдарының жұмысын заман талабына сай жандандыру мәселесін көтерген екен. Бұл жәйдан жай емес. Себебі кәсіподақ үлкен күш деп бастаған өз сөзін әріптесім. Кәсіподақтар Федерациясы «мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы кәсіподақ жүйесіндегі жұмыстардың жаңғыратынын айтқан екен. 

Мірболат Жақыпов, Кәсіподақтар Федерациясы «мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

«Жұмыс іздеп, шаршап-шалдығып, табанынан таусылып жүрген жан кейде жұмыс берушінің заңға томпақ талабына мойынсынуға мәжбүр. Не айтса соған келіседі. Осы тұрғыда байқалған өрескел бір кемшілік-жұмыс берушілер арасында қарамағындағы қызметкерлермен еңбек келісімшартын жасауға асықпайтындары бар. Бұл мемлекетке салықты аз төлеу үшін жасалатын құйтұрқы әрекет. Осыдан келіп қызметкердің әлеуметтік құқығы аяққа тапталады. Оған еңбек демалысы, сыйақы және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер берілмейді»  

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Төрағаның айтуынша, жұмыс беруші келісімшарт жасалмаған қызметкерді кез-келген  уақытта негізсіз шығарып жібере алады. Сондықтан, әркім өзінің заңдық құқығын білуі тиіс. Осындай жағдайда кәсіподақ ұйымы көмекке келуге әзірміз дейді. Бұл сұхбаттан ұққанымыз адам қандай да бір жұмысқа орналасқан кезде алдымен келісімшартқа отырып, ресми құжатпен бекітуі тиіс.

Ерболат Жақыпов Кәсіподақтар Федерациясы «мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

«Қазір кәсіподақ ұйымдарында даулы мәселелерді тату жолмен шешетін орталықтар бар. Атам қазақ бұрын ел ішіндегі дау-дамайы көп жағдайды ешқандай сотсыз-ақ араағайындық жолмен, тату түрде, ың-шыңсыз шешіп отырған ғой. Қазіргі тілмен айтқанда –медиация. Кәсіподақтар Федерациясы осы түйткілді мәселені шешу үшін Қазақстан Жоғарғы сотымен меморандум жасады. Соның нәтижесінде татуласу орталығы ашылды» 

Ақсәуле Байменшина, тілші: 

- Жақсы бастама. Ұсақ-түйек істерде соттасып жүру кім кімге де тиімді емес. Ары қарай жалғастырсақ. Әлемде өсімдік майына сұраныс артуы мүмкін. Күнбағыс және рапс майларына баға да өсуі ғажап емес. Сарапшылардың айтуынша, әлемде пальма майы өндірісі азайып келеді.  Сондықтан, елімізде өсімдік майы өндірісін жандандырып, экспорт көлемін арттыру тиімді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазған. 

Жандос Есмағұл, сарапшы:

«Елімізге майлы дақылдарды экспорттағаннан гөрі дайын майды экспорттаған тиімді. Қазір Қазақстанда шығарылатын өсімдік майларына Қытай мен Ираннан басқа Еуропа елдері де қызығушылық таныта бастады. Бұл жерде әңгіме өнімді алғашқы өңдеуден өткізіп алу туралы болып отыр. Сондан кейін өнім апарылатын еліне жеткізілгеннен кейін дұрыстап тазартылып, терең өңдеуден өтеді»

Телеканал Хабар 24