378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ұзақ жасаудың құпиясы неде?

  • 1241
  • UPD: 13:29, 01.02.2019

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, туған топырақтан қол үзбей, ата-баба дәстүрін ұстаныңыз!

Осындай тақырыптағы мақаланы «Алматы ақшамы» газетінен оқи аласыздар. «Ресейлік белгілі ғалым Валерий Бацевич адамдардың тұрмыс деңгейі жақсарған сайын денсаулығы да төмендей береді», - дейді. Ұзақ жасаудың сыры өзіңнің ата қонысыңнан, кіндігіңнен тамыр үзбей, ата-баба салтына ден қоюда жатыр. Ең өкініштісі, біз осы қағидаға немқұрайлы қарайды екенбіз.

Валерий Бацевич, ғалым:

- Мәселен, кейбір аймақтарда адамдар яхтасыз, ұшақсыз-ақ бақытты да ұзақ өмір сүреді. Тіпті ол жерлерде медициналық қызмет көрсету де өз деңгейінде емес. Сайып келгенде, олар ауырмайды, себебі, ата-баба дәстүрін қатты ұстанады. Әрине, жақсы медицинаның болғаны жақсы. Бірақ бір қисын бар: денсаулығы дұрыс адамға дәрігердің де аса қажеті жоқ. Егер оның қазіргі өмір сүру дағдысы биологиялық анықтамасымен сәйкес келсе, ұзақ өмір сүреді.

Телеканал Хабар 24