378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Марсқа адам жөнелтпек болған компания банкротқа ұшырады

  • 654
  • UPD: 10:48, 22.02.2019

Адамдар Марсты мекендемейтін болды. Мұндай мақала Түркістан халықаралық газетінде жарық көрген. Автор Аяулым Салықжанованың жазуынша, ғалымдар адамдардың Марста өмір сүруі былай тұрсын, оларды Марсқа аман-есен жеткізудің өзіне күмəнмен қарайды. Себебі Марсқа жету үшін бірнеше ай уақыт қажет. Ал Марс Жерден алыстаған кезде ұшу уақыты 9 айға дейін ұзаруы мүмкін. Кейбіреулер алғашқы қоныстанушылар мөлшерден тыс радиация алып, өліп кетуі мүмкін десе, енді бір ғалымдар оларды 40 см қалыңдықтағы кез келген киім қорғай алады дейді. Бəзбіреулер адамдарды магнитті өрістен қорғау үшін 10 метрлік бетон қорғағышқа орналастыру керек, бірақ мұндай ауыр салмақты қолданыстағы ракеталар көтере алмайды деген пікір айтты. БҰдан бөлек, марсқа таситын компмания да банкрот болған.

 «7 жылдан бері адамдарды Марсқа көшірмек болған голландиялық жекеменшік «Mars One» компаниясы таяуда банкротқа ұшырады. Мұндай ақпаратты Базель қаласының соты мәлімдеді. Жоба басшысы Баас Лансдорп бастапқыда шындықты айтқысы келмегенімен, сот мәлімдемесінен кейін компаниясының жағдайы тіпті нашарлап кеткенін амалсыз мойындауға мәжбүр болған. Бұл жоба алғаш 2012 жылы іске қосылып, жоспар бойынша компания қызыл ғаламшарға құмарлардың алғашқы тобын 2022 жылы ұшыруы керек еді. Алайда «Mars One» бұл ойын 2024 жылға, одан кейін тағы екі жылға шегеріп, 2026 жылға ауыстырды. Бұған себеп те бар».

7 жыл ішінде Марсқа саяхаттап қайтқысы келетіндердің саны 200 мыңға жеткен. Тіркелу үшін əрқайсысы 10-40 доллардан төлеген. «Mars One» олардың ішінен 19-60 жас аралығындағы 100 адамды іріктеп алған. Одан кейінгі қатаң іріктеуден соң, Марсқа 24 адамды ғана аттандыру жоспарланған еді. Есесіне, ұйымдастырушылар билеттің тек бір бағытта екенін бірден ескерткен. Яғни Жерге қайта оралуға мүмкіндік жоқ.

Үйің болмай, күйің болмас. Бұл Егемен Қазақстанда жарық көрген мақаланың тақырыбы.  Авторы Ғанибет Ғалымбекұлі. Жуырда Қазақстанда пəтерлерді жалға алу құны орташа есеппен 7,3 пайызға өсті деген ақпарат тарады. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қазіргі уақытта жаңа пəтердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 277 368 теңге болғанын хабарлады. Яғни бір жылда 3,2 пайызға қымбаттаған. «7-20-25» бағдарламасы бойынша пəтерлі болу да оңайға соғып тұрған жоқ. Осы жəне өзге де бағдарламалардың шапағаты солғын екенін жастардың өздері де айтып жүр. Олар үстеме пайызы көп дегенді алға тартады. 

 «Мəселен, пəтер құны 20 млн теңге тұратын болса, оның 20%-ы – 4 млн теңге. Сонда қалған 16 млн теңгені 25 жылға бөліп тө леу ке рек. Оған 7 пайыздық үс те мені қосқанда ай сайын 113 000 теңгеден шыға ды. Сонда ең тө менгі айлық жал а қы осы ай са йын ғы төлейтін сома ның 2 есесіне тең болуы керек, яғни 226 000 теңге».

Мемлекет басшысының дəл осы сөзі ел жастарына зор үміт сыйлап, болашағына алаңдап жүргендердің көңілін бір көтеріп тастағаны өтірік емес. Алайда біздіңше, «7-20-25» бағдарламасын қайта пысықтап, əсіресе жас, сондай-ақ көп балалы отбасыларға бірінші кезекте көңіл бөлініп, несиені аз пайызбен берген дұрыс болар еді. Əйтпесе он жылдан артық бас пана кезегінде тұрса да пəтеріне қол жеткізе алмай жүрген көп балалы отбасы аз емес. Керісінше, бір басында бірнеше пəтері барлар да көп.

 «Қоғамдық даму министрі Дархан Калетаев еліміздің ірі үш қала сында салынатын пəтерлер айына 10-12 мың теңгеге жалға берілетін тұрғын үй болатынын, бұл баспананы тұрақты табысы бар 29 жасқа дейінгі жастар ала алатынын мəлімдеді. Сонымен қатар жалдамалы пəтерге аталған қалаларда кемінде 3 жыл тұрған жəне 29 жасқа дейінгі жастар үміткер бола алады. Бұған қоса жастар міндетті түрде заңды жұмыс істеуі керек. Пəтер берген кезде азаматтың отбасылық жағдайы, балаларының бар-жоғы да ескеріледі. Əр көрсеткішке балл беріледі».

Пәтер алғысы келетіндерге пайдалы ақпарат. Бұл да Егемен Қазаұстанда жарық көрген мақаланың тақырыбы.  Авторы Светлана Ғалымжанқызының жазуынша, Бүгінде тұрғын үй бағдар лама ларының ішіндегі ең тиімдісі – «Нұрлы жер» бағдарламасы. Өйткені несие мөлшерлемесі 5%. Сатып алатын үйіңіздің толық бағасының 20%-ын төлеп, 3 жылдан 25 жылға дейін несие алу мүмкіндігі бар. Одан бөлек банктің құрылыс компанияларымен бірлескен «7-20-25» бағдарламасы бар. Бұл бағ дар ламаның «Нұрлы жерден» айыр машылығы – несие мөлшер лемесінің 7% болуында. Бағдарламаға Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

- Банкке нарықтан бастапқы тұрғын үй сатып алу мақсатында жеңілдетілген кредит алу үшін ипотекалық қарыз алуға құжаттарды бастапқы тұрғын үйдің жəне өзі нің жеке құжаттары жəне субсидия алуға өтініш беруі тиіс;

- ішкі құжаттарымен белгіленген процедураларға сəйкес банк төлем қабілеттілігін жəне ұсынған кепілдікті бағалайды;

- Ипотекалық қарыз беру туралы оңтайлы шешім қабылданған жағдайда, банк 3 жұмыс күні ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясына субсидия беру туралы қолдаухат жолдайды;

- Ипотекалық компания 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың бағдарлама талаптарына сəйкестігін тексереді жəне субсидиялау туралы шешім қабылдайды;

- Шығарылған шешімнің негізінде банк қарыз алушымен банктік қарызы, төлеу кестесін, ипотекалық келісімін жасасады.

Телеканал Хабар 24