379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жеңіл өнеркәсіп саласына бағытталған қарапайым заттарды өндіруге ден қойылып келеді

  • 365
  • UPD: 09:54, 11.04.2019

Елімізде жеңіл өнеркәсіп, тамақ және қызмет көрсету салаларына бағытталған қарапайым заттарды өндіруге ден қойылып келеді.

Қазірдің өзінде 10 жоба мақұлданып, оларға 6 млрд теңге көлемінде несие бөлінбек. Айта кетерлігі, 65 экономикалық қызмет түріне 365 тауарлық позициясы айқындалған. Ал қарыз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы субсидияланады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді. Бүгінде 306 млрд теңгені құрайтын 344 жоба қаралып жатыр. Оның 52-сі екінші деңгейлі банктерге ұсынылған. Еске салайын, еліміз 2025 жылға дейін қарапайым заттар импортын 37 прцентке азайтуды көздейді. Қайта өңдеу саласын қаржыландыруға 400 млрд теңге бөлінбек.

Еліміз интернетті еркін қолданатын мемлекеттер тізімінде. Freedom House ұйымының жыл сайынғы рейтингіне 65 ел қатыстырылған. Ал Қазақстан 46-тұғырдан көрінді. Көшті Исландия бастайды. Үздік ондыққа Эстония, Канада, Германия, Австралия кіреді. Интернетке кедергі болар жағдайлар, желіні бұғаттау үрдісі,  қолданушы құқығын бұзу сияқты шарттар бағалауға негіз болды.  Айта кетейін, елімізде интернет қолданушылардың саны 5,5 процентке азайған. Ақпанның соңында 2,5 млн абонент тіркеліпті. Олардың 400 мыңға жуығы алматылықтар. 270 мыңнан астамы Нұр-Сұлтанда, Қарағанды облысында 260 мың абонент тұрады. Қолданушылардың 98 проценті кеңжолақты интернетке ие. 

Жазда елімізде жаңа күн электр станциясы іске қосылады. Қапшағайдағы нысан жоспар бойынша өткен жылдың аяғында пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ мердігерлердің ауысуына байланысты уақыты шегерілді. Сингапурлық компания 27 млрд теңге инвестиция құйған. Қуаты 100 МВт болатын станцияда 32 адам жұмыс істейтін болады.

Телеканал Хабар 24