375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Мемлекет басшысы Данияр Ақышевті қабылдады

  • 625
  • UPD: 22:06, 25.01.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады.

Теңгенің еркін айналымға жіберілуі, алтын валюта қорын сақтап қалуға септесті. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– 2018 жылғы экономикалық көрсеткіштер өсім көрсетті. Ұлттық банк пен Үкіметтің бірлесіп жұмыс атқаруының нәтижесінде инфляция көлемі 5,3 процент деңгейінде сақталып қалды. 2017 жылы оның көлемі 7,1 процент еді. Төл теңгенің долларға шаққандағы көрсеткіші 15,6 пайызға төмендеді. Оған қара алтын құнының құбылуы мен сыртқы факторлар әсер етті. Мәселен, былтыр қазан айында мұнайдың бір баррелі 86 долларға жеткен. Жыл соңында 50 долларға дейін арзандады.

Бас банкир Данияр Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк резерві жыл соңында 31 млрд доллар көлемінде болды. Ал Ұлттық қордағы қаржы көлемі 58 млрд долларға жеткен. Сондай-ақ төл теңгемізде сақталған депозиттер көлемі бір жылда 4 жарым процентке өскен.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Есть два важных вопроса, которые я хочу задать. Инфляция 5,3% – это хорошо. Но это достигается за счёт сокращения ликвидности на рынке, а не за счёт эффективности экономики. С Правительством вы совместно плохо работаете. Изымая деньги из оборота можно снижать ещё дальше, но это как скажется на экономике? Второе. Здесь в отчете сказано, что кредитование увеличивается. Но в кредитовании долгосрочных кредитов уменьшается. Как можно ответить на эти вопросы?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Шынында мұндай динамика бар. Кредиттеу бойынша бізге берген тапсырмаңызды қазір Үкіметпен бірлесіп орындап жатырмыз. Былтыр әлеуеті төмен ойыншыларды нарықтан шығарғанбыз. Осының арқасында кредиттеу портфыелінің көлемі 7 пайызға өсім көрсетті. Қаржы секторын оңалту арқылы, басқа ойыншыларға мүмкіндік беріп отырмыз. Бұл экономиканың дамуына ықпалдасуы керек.

Ұлттық банк төрағасының болжамы бойынша, 2019 жылы несие көлемі 10 процентке ұлғаяды. Әрі ол көпшілікке қолжетімді болмақ. Осы ретте, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің құзыретін арттыру туралы заң жобасы қабылданғаннан кейін, еліміздегі қаржы институттарын бақылау қалай жүзеге асатыны туралы сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В прошлом году Парламент принял закон «О предоставлении возможностей Нацбанку». Смотри, вы в прошлом году у скольких банков отобрали лицензии?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– «Астана банкінің», «Қазақ банк» пен «Эксим банктің» лицензиялары алынды. Жаңа заң жобасынан кейін біз бұрынғыдай банктің құлдырап, дағдарысқа ұшырағанын күтпейміз. Оның алдын алу үшін банк қызметін сәт сайын тексеріп тұрамыз. Бұл жағдайды ушықтырмауға септесуі тиіс. Сонымен қатар Данияр Ақышев былтырғы инфляция деңгейінің 5,3 процент күйінде сақталып қалуына нарықтағы өтімділіктің қысқаруы себеп болғанын растады. Ұлттық банк артылып қалған қаражатты дер кезінде қайтарып үлгерген. Бұл – қаржы реттеушінің бұрыннан қолданып келе жатқан әдісі.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, өтімділікті тиімді етудің басқа амалдарын қарастыратын болады. Алдағы уақытта аталған өтімділікті экономиканы несиелендіру үшін қолданатын боламыз. Қазір Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға кірісіп кеттік. Атап айтқанда, өндіріс орындарына 600 млрд теңге көлемінде несие беру мәселесін реттеп жатырмыз.

Телеканал Хабар 24