Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 106
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Елбасы Astana Group компаниясының президентін қабылдады

  • 558
  • UPD: 22:08, 07.02.2019

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Group компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Елбасы отандық автомобиль өндірісін одан әрі дамыту туралы тапсырмасының орындалу барысын бағамдады. Нұрлан Смағұлов Алматыда Hyundai жеңіл көліктерін шығаратын зауыт құрылысының басталғанын мәлім етті. Оның қуаттылығы алғашқы кезеңде – 30 мыңға, ал екіншісінде 45 мыңға жеткізіледі. Нәтижесінде ел нарығына қолжетімді бағада отандық өнім ұсынылып, экспортқа да шығарылады. Жиын барысында компания жетекшісі Президент қолдауына және «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы секілді автонесиелендіру бағдарламасын қабылдау туралы шешім қабылданғанына алғыс білдірді.

Нұрлан Смағұлов, Astana Group компаниялар тобының президенті:

- Бүгін Елбасына Astana Group компаниясының жай-күйін баяндадым. Біздің құрылым Hyundai жеңіл көліктерін шығаруды қолға алады. Зауытты Алматыда саламыз. Үкімет және қала әкімі қолдау көрсетті. Қаржыландыру көлемі – 25 млрд теңге. Қуаттылығы бірінші кезеңде – 30 мың, ал екіншісінде 45 мыңға жеткізіледі. Мұндағы мақсат – отандық нарықты Hyundai маркалы көлікпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ жартысын ТМД елдеріне экспорттау. Hyundai компаниясымен лицензиялық келісімге қол жеткіздік. Техникалық құжаттамасын толықтай беретін болды. Және зауытты жаңа қондырғылармен жабдықтайды. Алдағы 5 жылда зауыт локализация көлемін 51 процентке жеткізеді. Компания өз алдына көлікті толықтай жасап шығару мақсатын қойып отыр. Өндірісте 700 жұмыс орны ашылады. Жыл соңына дейін цехтар бой көтереді. Сөйтіп келер жылы толық қуатта іске қосылады. Мұның барлығы Мемлекет басшысының отандық автоөндірісті дамыту тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Телеканал Хабар 24