378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Асқар Мамин ҚР Премьер-министрі болып тағайындалды

  • 573
  • UPD: 23:40, 25.02.2019

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев әуелі Парламент Мәжілісі бюросының отырысына қатысты, кейін төменгі палатаның депутаттарымен кездесті. Жиында Президент: «Бұрынғы Үкімет өзіне жүктелген міндетті толық атқара алмады», – деді.

Десе де қаржы қыспаққа алған қазіргі заманда экономиканың өсімін сақтап қалғаны үшін оларға алғыс айтты. Ізінше жаңа Үкіметке бірқатар міндет жүктеді. Министрлер кабинеті әсіресе халықтың тұрмысын тіктеп, әл-ауқатын арттыруға күш салуы тиіс.        

Апта басы Үкіметтің жаңа құрамын бекітуден басталды. Мемлекет басшысы алдымен Парламент Мәжілісі Бюросының отырысына қатысты. Жиында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын одан әрі тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын талқылауға ұсынды. Отырысқа қатысқан саяси партия жетекшілері мен комитет төрағалары Президент ұсынған кандидатураны қолдады.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы:

- Асқар Ұзақбайұлын бұрыннан білеміз. Өндіріс саласында мол тәжірибесі бар. Қала басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары болды. Сондықтан таңдауыңызды «Ақжол» партиясы да қолдайды.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі:

- Біз Асқар Ұзақбайұлын өте білікті маман ретінде танимыз. Өз елінің нағыз патриоты. Артылған міндетті орындай алады дегенге сенеміз.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Мәжілістің пленарлық отырысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асыра алмаған бұрынғы Үкіметті сынға алды. «Артылған міндетті толық орындай алмады», – деді. Дегенмен сауда соғысы өршіп, қаржы қыспаққа алған қазіргі заманда экономиканың өсімін сақтап қалғандары үшін оларға алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Скажу отдельно о Премьер-Министре Бакытжане Сагинтаеве. Он хорошо себя показал на предыдущих должностях акима Павлодарской области, министра экономики, вице-премьера и первого вице-премьера. Он – человек честный, добросовестный, опытный. Может трудиться и на других участках. Однако упущения в работе отдельных министерств, особенно в социальной сфере, привели к отставке всего Правительства.

Пленарлық отырыста Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі тұрақсыздық пен санкциялық текетірестер еліміздің әл-ауқатын нығайту үшін тың шаралар мен шешімдер қабылдауды талап ететінін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы саяси жаңғырудың нәтижелеріне тоқталып, билік тармақтары арасында өкілеттіктердің қайта бөлінгенін тілге тиек етті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Правительство получило все необходимые полномочия и должно четко выполнять свои обязательства перед населением, нести ответственность за свою деятельность. Эта ответственность касается и акимов всех уровней, которые также напрямую отвечают за эффективность социальных и экономических программ. Они должны быстро реагировать на запросы населения, и, самое главное, принимать меры.

Жаңа Үкіметке артылатын міндет көп. Бастысы, бұрынғы шенділердің қателігін қайталамау керек. Олар мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыруға, құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформаларды аяғына дейін жеткізуге, тұрғындардың проблемаларын нақты шешуге тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев мұны баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Новому кабинету нужно продолжать реализацию государственных программ и в соцсфере и в других областях экономики. Довести до логического конца реформы, и в правоохранительной системе. Действенно решать проблемы, которые есть.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын қарауды ұсынды. Мәжіліс депутаттары Президент ұсынысын бірауыздан мақұлдады.

Асқар Маминнің кандидатурасын төменгі палата депутаттары мақұлдағаннан кейін, Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

Үкімет басшысы болып тағайындалған Асқар Мамин өзіне артылған сенімге селкеу түсірмеуге уәде берді.

Мәжілістің пленарлық отырысынан кейін Мемлекет басшысы Премьер-Министрді жаңа қызметімен құттықтап, жемісті еңбек етуіне тілектестік білдірді.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Президент телерадиокешенінің көмегімен

Телеканал Хабар 24