375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

БҚО-да оқушыларға мектептен орын жетіспейді

  • 300
  • UPD: 19:49, 15.01.2019
БҚО-да оқушыларға мектептен орын жетіспейді

Батыс Қазақстан облысында оқушыларға мектептерде орын жетіспейді. Мәселен, бүгінгі күні тек Орал қаласының өзінде 47 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда төрт мыңға көп. Мұнымен қоса бірқатар білім ошақтарында балалар саны қалыпты жағдайдан 2-3 есеге асып кеткен. Білім беру басқармасындағылар аталған мәселе қазір өткір тұрғандығын айтады. Қалаға кем дегенде 14 жаңа мектеп қажет. Бұл ретте өңірдің қалталы азаматтары мемлекеттен жер телімі берілсе, жеке қаражаттарына мектептердің құрылысын бастауға дайын екендіктерін айтып отыр.

Хайдар Қапанов, кәсіпкер:

- Мектептерге барып, аумақтарын өз көзіммен көрдім. Расында да шөп басып, бос жатқан учаскелер бар. Егерде бізге осы жер мәселесін шешіп беретін болса,  кәсіпкерлер жеке инвестицияларымызға 20-дан астам мектеп салып беруге дайынбыз.

Телеканал Хабар 24