377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстандық педагогтар білім мен ғылым саласына жаңа серпіліс алып келмек

  • 363
  • UPD: 17:14, 18.01.2019
Қазақстандық педагогтар білім мен ғылым саласына жаңа серпіліс алып келмек

Қазақстандық педагогтар білім мен ғылым саласына жаңа серпіліс алып келмек.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» дәл осындай мақсатты көздеп отыр. Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырылған шараға республикамыздың түпкір-түпкірінен тың бастама көтерген 400-ге жуық ұстаз қатысты. Олардың айтуынша, ұйымдастырылған шара – мұғалімдердің жеке шығармашылығын жүзеге асыруға жасалған зор мүмкіндік. Фестиваль 10 секция және әртүрлі пән бойынша өткізілді. Қазылар алқасы педагогтардың инновациялық жұмыстарын мұқият зерттеп, оқ бойы озық шыққандарын марапатқа ұсынды. Қатысушылар пікірінше, әрбір идеяның мақсаты – баланың шығармашылық қабілетін ашу. 

Тұрсынгүл Шайханова, №73 мектеп-лицей директорының орынбасары /Астана/

– Менің идеям үлкен бір мектептің жұмысы деп айтуға болады. Бұл проблемалық тақырып – мектеп оқушысы үшін комфорт зонасы. Неге комфорт зонасы? Яғни оқушы үйіне қалай қуанып, баратын болса, мектепке де сондай жағдайда келу керек. Осы комфорт зонасының бір бағыты – қолданбалы экология.

 

Телеканал Хабар 24