378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Жаңа жыл мерекесінде елімізде ауа райы қандай болады?

  • 638
  • UPD: 11:21, 30.12.2018
Жаңа жыл мерекесінде елімізде ауа райы қандай болады?

2018 жылдың 30 желтоқсанынан 2019 жылдың 2 қаңтарына дейінгі аралықта республикамыздың басым бөлігінде күн ашық, аязды болады.

Дегенмен, еліміздің солтүстік бөлігінде ауа райы құбылмалы, күн жауын-шашынды болуы мүмкін, жел күшейіп, боран соғуы ықтимал. Ауа температурасы орталық және шығыс өңірлерде түнде минус 15...25 градус, күндіз минус 10...20 градус арасында; оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде минус 2...12 градус, күндіз минус 5 градусқа дейін, кей жерлерде плюс 5 градусқа дейін жылы болуы мүмкін. Батыста түнде минус 5...15 градус, күндіз 0...8 градус аралығында; солтүстікте және солтүстік-батыста түнде минус 15...23 градус, күндіз минус 7...15 градусқа дейін аязды болады. 2 қаңтар күні антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтуына байланысты бұлт сейіліп, аязды ауа райы орнығады.

Телеканал Хабар 24