378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

ШҚО-да жел күшейіп, бұрқасын күтіледі

  • 637
  • UPD: 18:13, 08.01.2019
ШҚО-да жел күшейіп, бұрқасын күтіледі Tengrinews

Синоптиктер 9 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрып, бұрқасын болатынын ескертеді.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша желдің жылдамдығы 25 м/с дейін жетеді.

«9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 09 қаңтарда бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с.

Семей қаласында 09 қаңтарда бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с», - делінген хабарламада.

Телеканал Хабар 24