378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

  • 463
  • UPD: 08:21, 19.01.2019
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы 7dach

«Қазгидромет» РМК 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа айы сақталады. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшейюі сақталады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 22-27, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.   

Телеканал Хабар 24