378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ikomek бірыңғай байланыс орталығына өтініш берудің жаңа тәсілі пайда болды

  • 365
Ikomek бірыңғай байланыс орталығына өтініш берудің жаңа тәсілі пайда болды astana.gov.kz

Бұдан былай елорда тұрғындары мен қонақтары Smart Astana қосымшасын пайдалана отырып, iKomek орталығына өтінішті онлайн жібере алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда iKomek бірыңғай байланыс орталығының құрамына аудандық әкімдіктер, қалалық әкімдік басқармалары, коммуналдық және апаттық қызметтер, лифт шаруашылығы, ПИК және мемлекеттік медициналық мекемелер біріктірілген. Кез келген ұйымға жолданған онлайн өтініш автоматты түрде жүйеге түсіп, бақылауға қойылады. Ары қарай өтінішті жауапты орындаушылардың атқаруы iKomek 24/7 орталығы тарапынан үйлестіріледі. Осылайша, Астананы тұрғындармен бірге әлдеқайда жайлы әрі қауіпсіз ету бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Ол үшін Smart Astana қосымшасын Google Play немесе Apple store-дан жүктеп алу жеткілікті.

Телеканал Хабар 24