379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Telegram қолданушыларға хабарламаларды толықтай өшіруге мүмкіндік берді

  • 229
  • UPD: 15:17, 25.03.2019
Telegram қолданушыларға хабарламаларды толықтай өшіруге мүмкіндік берді retail-loyalty.org

Telegram-ның жаңа функциясы қолданушының және хат алмасушысының жазған хабарламасын өшіруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы мессенджер авторы Павел Дуров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бүгіннен бастап біз әрбір қолданушыға жеке хат алмасу кезінде хабарламаларды өшіруге мүмкіндік береміз. Хабарлама жіберген кезде, сіз оны толық бақылай алатын боласыз және хабарламаны кім және қашан жібергені маңызды емес. Сіз тіпті екі жағынан да хабарламаларды өшіре аласыз», - деп жазды Павел Дуров өз парақшасында.

Өзгерту енгізілгенге дейін қолданушы соңғы 48 сағатта жолданған жеке хабарламаларды ғана өшіре алатын.

«Сіз ұмытып қалған ескі хабар контекстен алынып, ондаған жылдардан кейін сізге қарсы пайдаланылуы мүмкін. Сіз мектептегі дос қызына жіберген ойланбай жазылған мәтін сізді 2030 жылы мэр сайлауға түскен кезінде кедергі болуы мүмкін», - деді Дуров.

Телеканал Хабар 24