378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ресей Жеңістің 74 жылдығын ауқымды түрде атап өтеді

  • 171
  • UPD: 16:00, 05.05.2019

Қазір ауқымды шараға дайындық жүріп жатыр. Қызыл алаңда әдеттегідей әскери шеру ұйымдастырылады. Бірақ биылғы парад бұрынғыдан өзгерек болмақ.

Қызыл алаңда қазір қызу дайындық. Сайдың тасындай іріктелген 10 мыңнан аса сақа сарбаз сап түзеді. Олардың арасында офицерлер де, әскери училищеде білім алып жатқан жас жауынгерлер де бар. Құрметті қарауылдың қатарына биыл алғаш рет әйелдерден жасақталған рота қосылды.

Олеся Исаева, әскери-ғарыш академиясының курсанты:

- Әскери шеру – біз үшін үлкен мереке. Қызыл алаңмен жүріп өту әрбір сарбазға мол жауапкершілік жүктейді. Артылған сенімді абыроймен атқаруымыз керек.  

Жеңіс шеруі Ресейде дәстүрлі түрде өтеді. Көптің көкейінде қазір бір ғана сауал. Әскери держава биыл қандай тың дүние ұсынады? Мұны да анықтадық. Қызыл алаңда осы жылы алғаш рет Калашников автоматының жаңа түрі көпшілік назарына ұсынылады.

- Қызыл алаңда өнер көрсету біз үшін абыройлы міндет. Өте қуаныштымын.

- Кескілескен ұрыста жан беріп, жан алысқан батырларымыз үшін аянып қалмаймыз.

Осы уақытқа дейін сарбаздар екі рет дайындықтан өткен. Тоғызыншы мамырға дейін тағы бір рет сап түземек. Содан кейін жиылған жұртқа өздерінің әлеуетін көрсетеді.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Телеканал Хабар 24