428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


АҚШ-тағы ең бай кәсіпкер әйелдердің рейтингі жарияланды

  • 119
  • UPD: 11:50, 15.10.2020
АҚШ-тағы ең бай кәсіпкер әйелдердің рейтингі жарияланды

Forbes журналы АҚШ-тағы ең бай 100 кәсіпкердің жыл сайынғы рейтингін жариялады.

Әнші Рианна рейтингте 33 орынға тұрақтады. Оның кәсібі арқылы түсетін жыл сайынғы табысы 600 миллион долларды құрады. Ал өзі құрған қайырымдылық қоры COVID-19-пен күресу үшін 22,5 миллион доллар жинады.

Мадонна 550 миллион табысымен 40 орынға ие болды. Ал Селин Дион 51 орында (455 миллион), Бейонсе 55 орында (420 миллион), Барбара Стрейзанд 56 орында (400 миллион).

Рейтингтегі ең жас кәсіпкер – Кайли Дженнер (23 жаста), ал ең үлкені – биотехнологиямен айналысатын Элис Шварц (94 жаста).

Үшінші жыл қатарынан бірінші орында Диана Хендрикс тұр. Ол – ABC Supply компаниясының тең құрылтайшысы. Forbes оның байлығын 8 млрд долларға бағалап отыр.

Тізімдегі әйелдердің көпшілігі (100-ден 45-і) Калифорнияда тұрады.

Другие материалы в этой категории: « Есірткі тиелген ұшақ құлады
Телеканал Хабар 24