384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Таразда Ұлыстың ұлы күні «Жастар аллеясы» пайдалануға берілді

  • 1443
  • UPD: 13:32, 21.03.2019

Аумағы 6 гектарға жуық кешенді орталықта бес бірдей жаңа нысан бой көтерген. Шаһарда Наурызға арналған негізгі мерекелік шаралар басталды.

Дәл қазір жастарға арнап салынған бірнеше нысандарды ашу рәсімі шетінен өтіп жатыр. 

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Ұлыс оң болсын Қазақ елі! Марал, Сүлейменов көшесінің бойындағы бұрынғы «Атшабар аллеясы» толықтай жаңғыртылып, Жастар аллеясы болып қайта ашылды. Мұнда «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы, «Кітап» және «Сахна» алаңшасы мен «Махаббат» аллеясы бой көтерді. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері мен қызметі бар. Бұл «Жастар» жылына жасалған мерекелік тарту болды.

Мәселен, «Jastar» қабілет орталығы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы етіп салынған. Мұнда 16 адамға арналған «коворкинг» залы мен 40 адамға арналған асхана жұмыс істейді. «Wi-fi» желісімен қамтамасыз етілген. Студенттер мен оқушылар түрлі кездесулер өткізіп, іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, кешенді демалыс орнында «Қарахан мен Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Саябақтың құрылысына 454 миллион теңге жұмсалды. Қаржының  282 миллион теңгесі жергілікті бюджет есебінен,  ал қалған бөлігіне жеке инвестиция тартылған. Жалпы биыл Жамбылда Наурыз мейрамы ерекше тойланып жатыр. Биыл тігілген киіз үйлер саны жылдағыдан әлде қайда аз. Жергілікті тұрғындардың дәмнен ауыз тиіп, еркін жүріп-тұруы үшін ашық аспан астына 300 метрлік дастархан жайылды. 5 мың адамға жететіндей көлемде тонна-тонна наурыз көже мен бауырсақ қазанда пісіп жатыр. Жұрт мәре-сәре. Міне, қазір тұрғындардың көңіл күйін өздерінен сұрап білейік.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Наурыз мейрамы құтты болсын! Мереке жалғасады. Қазір 700-ге жуық өнерпаздың қатысуымен «Көктем» хореграфиялық композициясы мен домбырашылар, қобызшы, дауылпазшылардың қатысуымен күй орындалып, концерт қойылады. Ал Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтіп, жастар алтыбақан тебеді.

Телеканал Хабар 24