384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оралдықтар Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алды

  • 855
  • UPD: 14:06, 21.03.2019

Наурыз мейрамын батыстағы жұртшылық шат-шадыман көңіл күйде атап өтіп жатыр. Мерекенің бұқаралық сипат алуына облыстың барлық аудандары да айрықша атсалысты.

Музейлер мен кітапханаларда, мәдениет мекемелерінде ұлттық дәстүрді ұлықтаған тағылымды шаралар ұйымдастырылды. 

Талғат Серікқалиұлы, тілші: 

- Дәл қазір қала халқы наурыз мейрамын Тұңғыш Президент атындағы алаңда тойлап жатыр. Ақжайық өңіріндегі биылғы әз-наурыз мерекесінің басты атрибуты 7 санымен тікелей байланысты.  Яғни, алаңда 7 киіз үй тігілген және олардың әрқайсының өзіндік атауы бар. Мысалы, 7 ата, 7 жарғы, 7 қазына, 7 ғашық, 7 қасиет, 7 жетістік және 7-киіз Ұлы даланың 7 қыры деп аталады. Алаңның айналасында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ал жұрттың назары ауған сахна төрінде қазақтың түрлі салт-дәстүрлерінен көріністер қойылды. Облыстағы түрлі өнер ұжымдары мерекелік қойылымдарын көрермен назарына ұсынды.  

Айта кетейін, Ақжайық атырабында ақ ұлпа әлі ери қойған жоқ. Дегенмен, алаңға жиылған жұртшылықтың жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі. Өнерпаздардың күшімен дайындалған театрландырылған музыкалық – хореографиялық көріністер де халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап жатқаны рас.

Телеканал Хабар 24