377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтауда студенттерге арналған кәсіпкерлік орталығы ашылды

  • 161
  • UPD: 15:42, 24.03.2019
Ақтауда студенттерге арналған кәсіпкерлік орталығы ашылды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақтауда студенттерге арналған кәсіпкерлік орталығы ашылды. Енді университетке оқуға келген жастар өз мамандығы бойынша білім алып қана қоймай, жеке бизнесін ашуға әрі оны дамытуға мүмкіндік алады.

Келешекте стартап идеяларды табысты бизнеске айналдыруды тегін үйренеді. Үздік жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіліп, жеке ісін ашуына қаржылай көмек те берілмек. Жастар жылына орай, оқу орнында тіл оқыту орталығы да ашылды. Бір мыңнан астам шетелдік студент оқитын университтің жастары енді ағылшын, француз, түрік, парсы тілдерімен қатар корей тілін де тегін үйренетін болды. Мұнда сондай-ақ латын қарпіндегі жаңа әліпбиді де меңгеруде.

Берік Ахметов, Ш.Есенов атындағы университет ректоры:

- Студент кезінде идеясы бар адамдар өте көп. Бірақ оны өнімге дейін жасақтау бар екенін ескеруіміз керек. Сондықтан осы студенттерге осындай өңірлік кәсіпкерлік орталығы көмектесетін болса, біздің өңірімізде жас кәсіпкерлер яғни, Елбасының тапсырмасы 2050 жылға дейін орта және шағын бизнестің мөлшерін 50 пайызға дейін жеткізетін мақсат қойды. Оны кімдер жасайды, әрине жастар. Сондықтан біздер осы жастарға инвестиция жасау арқылы осы кәсіпкерлік орталығы мүмкіндік туғызады деген.

Телеканал Хабар 24