379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістан облысының жастары Елбасының шешіміне қатысты өз пікірлерін білдірді

  • 120
  • UPD: 15:30, 24.03.2019
Түркістан облысының жастары Елбасының шешіміне қатысты өз пікірлерін білдірді

Түркістан облысының ардагерлері мен жастар қауымы Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешіміне қатысты өз пікірлерін білдірді. Жергілікті халықтың айтуынша, Елбасы отыз жыл билік құрып, елді соғыссыз басқарған кемеңгер көшбасшы. Шекарамызды шегендеп тұрып, бекітті. Арқадан ару Астана салды.

Елбасымыздың осындай ерен еңбектері ерекше құрмет көрсетуге тұрарлық.

Жарылқасын Әзіретбергенов, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы:

- Шын мәнінде өте қатты әсер етті. Толқыдық, әртүрлі ойларға кеттік. Дегенменен пендеміз ғой, ол кісінің ойы Қазақстанды қайта керемет, бұдан да жақсы жағдайға жеткізетін жағын барлығын ойластырған болу керек. Алдын ала дайындаған болу керек, орнына көптен бері қасында жүрген азамат Қасым Жомарт Тоқаевты қалдырды. Сондықтан келешегіміз кемел болады ғой деген ой ғана бізді біраз тоқтатып, өзімізді-өзімізге келтірген жағдайы бар.

Әйгерім Мұрат, студент:

- Білесіз бе, мынандай кішкентай ғана жүрек әлемді өзгертуге қауқарлы. Алайда елді 30 жыл басқару өте қиын. Себебі, бір отбасын асырудың өзі қиын, ал 18 млн халықты бір шаңырақ астында, елдің ұйытқыы етіп ұстап отырған Елбасының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуы – барлық жасты, халықты қатты есеңгеретті. Себебі, Елбасымыз ең мықты саясаткер, ең мықты лидер, ең мықты басшы.

Үміт Тұрсынхан, студент:

- Шынымен үйренген адамымыз, қимастық. Ол біздің Елбасымыз, ол бізді осы уақытқа дейін басқарып келді. Бізді осындай жағдайға жеткізді. Он қазақтың біреуі «Лада» айдайтын кезден 10 қазақтың 10-ны «Лексус» айдайтын жағдайға жеткізді ол кісі. Шынында үлкен мәртебені көрген кісі. Елбасымыз 30 жыл ел басқарса, мен 20 жыл сол кісіні танып өстім.

Телеканал Хабар 24