389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Пилоттар тікұшақты үй-жайдың үстіне құлатпастан бұрып әкеткен – Д.Қосанов

  • 726
  • UPD: 08:48, 30.03.2019

Қорғаныс министрлігінің Әскери әуе күштеріне тиесілі МИ-8 тікұшағының апатында көз жұмған 13 әскери қызметкердің мүрделерін тану жұмыстары толық аяқталады.

Бұл туралы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы, Авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов мәлімдеді. Әуе апатынан қаза болғандардың мәйітін туған-туыстарына тапсыру жоспарланып отыр. Мүрделерді тасымалдау үшін Әскери әуе күштерінен арнайы ұшақтар бөлінбек. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайында қайғылы оқиғаға байланысты қаралы митинг өтеді. Құлаған тікұшақтың қара жәшігі табылып, тексерілуде деген Дәурен Қосанов апат себебіне қатысты жеке пікірін де бүгіп қалмады.

Дәурен Қосанов, ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы:

- Тікұшақ құлаған жерді және оның төңірегін тексеріп шықтым. Әуе техникасы кенеттен істен шыққанға ұқсайды. Тіпті жақын маңдағы малшының үйі мен қора-жайына да құлауы мүмкін еді. Алайда ұшқыштар тікұшақты басқа жаққа бұрып, ең соңғы сәтке дейін күрескен.

Телеканал Хабар 24