379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оралда балалардың денсаулығын иппотерапиямен жақсарту қолға алынды

  • 137
  • UPD: 08:45, 30.03.2019

Оралда сал ауруына шалдыққан балалардың денсаулығын иппотерапия әдісімен шыңдау жобасы қолға алынды. Бұл ізгі шара қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын атты кавалериялық полиция жасағының көмегімен жүзеге асады. Атты патруль жасағының қылмыстардың ізін суытпай ашуда да көмегі зор,- дейді полицейлер.  

Раушан Орынғалиева 5 баланың анасы. Кенже ұлы Мұстахимның жасы жетіде. Дәрігер көмегіне зәру болғандықтан тұрақты ем қабылдап тұруы керек. «Күндізгі стационарға барып тұрамыз. Ем алу үшін Елордаға дейін апарып келдім. Балама осындай сауықтыру шараларының көмегі ұшан-теңіз» дейді ол. 

Раушан Орынғалиева,  қала тұрғыны:

- Мен көп балалы анамын, ерекше баланы тәрбиелеушімін, баламның есімі Мұстахим, енді біздер бүгін иппотерапия бастап, мына ДВД басшысы қолдап біздерді шақырып жатыр. Бұл игі бастама деп ойлаймын, біздің балаларымызға, әсіресе ДЦП балаларға өте қажет нәрсе.

Жалпы, жылқыны табиғи тренажер деп тегін айтпаса керек. Өйткені ат үстіндегі серуен арқылы адамның барлық бұлшықеттері қозғалысқа түседі. Қамбар ата түлігіне аяқ артқан бүгінгі кейіпкерлеріміздің де шексіз шаттыққа бөленгенін  байқадық. 

Мерей Жәрдемов,  қала тұрғыны: 

- Мен иппотерапияға келдім, маған атқа мінген өте қатты ұнады. Тағы да көп мініп тұрғымыз келеді, атқа мінген жақсы екен.

Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін орталықта тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар балаларға көмек көрсетіледі. Енді олар үшін иппотерапия әдісі де қолжетімді болмақ. Ал, атпен серуендеудің мұндай балаларға пайдасы зор екендігі медицинада дәлелденген,- дейді мекеме мамандары.   

Абзал Молдағалиев, зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы директорының орынбасары:   

-  Жалпы мекемемізде 80-нің үстінде мүмкіндігі шектеулі бала көмек алады. Соның бүгінгі күні 11 бала бүгінгі шараға қатысып отыр. Енді алдағы уақытта осы басқармамен бірлесе отырып осындай шаралара жалғасын табады деген ойдамыз. 

Есжан Арыстанов, қалалық ПБ жол-патрульдік батальоні командирінің орынбасары:

- Мүмкіндігі шектеулі балалрға ДЦП-мен ауыратын балаларды серуендетіп  жылқыға отырғызып сондай іс-шара өткізудеміз. Алдағы уақытта іс шара жалғасын табады, тұрақты өткзіліп тұрады.

Кавалерия взводына қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау міндеті жүктелген. Олар ең бірінші кезекте қала маңындағы саяжай учаскелерін басты назарда ұстайды. Қазіргі таңда жасақ үшін 25 мініс жылқысы сатып алынып, талапқа сай техникамен қамтылды. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы,  Руслан Ғазизов, Қанат Махмұтов

Телеканал Хабар 24